Шымкентте сұйытылған газ бағасы – 60 теңге

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте сұйытылған газ бағасы 60 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ірі жанар-жағармай бекеттері желілеріне күнелікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Жанар-жағар май бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин литрінің орташа бағасы 177 теңге, АИ-95 маркалы бензин литрінің орташа бағасы 210 теңге, АИ-96 маркалы бензин литрінің орташа бағасы 205 теңге, АИ-98 маркалы бензин литрінің орташа бағасы 227 теңге және дизель отынының орташа бағасы 227 теңге, сұйытылған газ бағасы 60 теңге.

Ал, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап АИ-80 маркалы бензин өндірісі тоқтатылғандықтан, қазір сатылымда жоқ.
10 қаңтардағы мониторингке сәйкес Шымкент қаласы аумағында жанар-жағар май өнімдерінің тапшылығы байқалмайды.
Айта кетейік, Шымкент қаласы аумағында 300-ге жуық жанар-жағармай бекеті орналасқан.

Соңғы жаңалықтар