Шымкентте су ресурстарын қорғау инспекторы парамен ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бірінші депаратментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары Комитетінің «Су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» РММ бұрынғы бас маманы У. Алпысбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», - деді аға тергеуші агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Ол жайылымдарды суландыру үшін ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беретін құжатты алуға (бұл қызмет түрі тегін беріледі) жәрдемдесемін деп ЖШС өкілінен 1 млн 275 мың теңге пара алды деп күдікке ілінген.

«2020 жылдың 11 ақпанында Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен У. Алпысбаев 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деді Д. Бекайдаров.


Соңғы жаңалықтар