Шымкентте студенттік жаңа жатақхана пайдалануға берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне арналған жаңа жатақхана ашылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

350 орынға арналған студенттер үйі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы аясында бой көтерді. Оның ашылуына арналған салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Оңалбай Аяшев қатысты.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, ел өңірлерінде жаңадан салынған жатақханалар пайдалануға берілгеннен кейін жыл сайын әр еңгізілген төсек орынға 8 жыл бойы мемлекеттік тапсырыс орналастырылып отырады (реконструкция - жылына 47 АЕК, жаңа құрылыс - жылына 122 АЕК).

«2019 жылғы 1 сәуіріндегі мәліметке сәйкес 20 келісімшарт жасалды. Оның шеңберінде 2019-2022 жылдар аралығында 6 864 төсек орынды іске қосу жоспарланып отыр. Оның 13-і Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай қалаларында - құрылыс бойынша, ал жетеуі Шымкент, Ақтау, Павлодар, Өскемен, Тараз, Орал қалаларында реконструкция бойынша», - делінген Білім және ғылым министрлігінің ақпаратында.

null

Соңғы жаңалықтар