+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Шымкентте стационарлық карантинде 218 адам жатыр

2020 жылғы 1 сәуір 01:35
Бөлісіңіз:
Шымкентте стационарлық карантинде 218 адам жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жалпы саны 484 адам карантинге алынған, олардың 218-і медициналық стационарларға жатқызылды. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің бірінші орынбасарының айтуынша, сала мамандары үй карантинінде отырған 266 адамның режимді қатаң сақтауын қадағалауда. Бұл тұрғындардың барлығы шетелден және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан келген. Барлығында дене қызуы жоғары болған.

«Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, барлық емханалар өзінде есепте тұратын азаматтармен байланысып отыр. Олардың денсаулық жағдайын тексеріп шығуда. Сондай-ақ, қалаға келген қонақтардың да барлығы уақытша есепке тіркеліп, олардың денсаулығы бақылауға алынды. Егер тұрғындар мен қонақтарда дене қызуының көтерілуі немесе короновирус инфекциясының басқа да симптомдары анықталса, олар дереу бақылауға алынады», - деді Ербол Садыр.

Бұдан бөлек, қалада медициналық бетперде тағып жүру режимі енгізілгені атап өтілді. Бұл шектеулерді ескермеген, төтенше жағдай режимі мен санитарлық талаптарды қасақана бұзған азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл салынатыны ескертілді.

Спикердің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес, төтенше жағдай режимін бұзған азаматтарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер бұл құқықбұзушылық тағы қайталанса, сот шешімімен 10 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

«Шымкент қаласында 2 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Осы екі азамат тұратын Тәуелсіздікке 20 жыл елдімекені 14 күнге карантинге жабылды. Бұл елдімекеннің кіреберісіне блокпосттар орнатылды. Ондағы тұрғындар азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауызсу және басқа да бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілуде», - деді Ербол Садыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT