+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Шымкентте  «СПУТНИК V» вакцинасын салудың екінші кезеңі басталды

2021 жылғы 22 ақпан 22:33
Бөлісіңіз:
Шымкентте  «СПУТНИК V» вакцинасын салудың екінші кезеңі басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын егу жұмыстары басталды.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауға коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 5600 дозасы жеткізіледі Жапония 13 елдің азаматтарына елге кіру ережесін қатаңдатты Коронавирус: Қазақстанның 2 қаласы мен 5 облысы «сары аймақта» тұр

Вакцинация шаһардағы төрт екпе бекетінде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғашқылардың бірі болып Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов салдырды.

«1-19 ақпан күндері аралығында «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасын салуды аяқтадық. Күні кеше бізге тағы 1000 доза вакцина жеткізілді. Бүгін таңертең төрт емханаға вакцина таратылып, егу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін екпе алғандар екінші дозасын алуы қажет. Бүгін мен өзім екінші дозасын алдым. Қазір жағдайым жақсы», - дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, қалаға жеткізілген «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын коронавирус инфекциясымен қауіпті аймақта жүрген медицина қызметкерлері алуда. Мұнан кейін жоспар бойынша өз еркімен келісім берген мұғалімдер мен полицейлерге салынбақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT