+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкентте спорт кешенінде ашылған провизорлы орталыққа дәрігерлер керек

2020 жылғы 30 маусым 00:11
Бөлісіңіз:
Шымкентте спорт кешенінде ашылған провизорлы орталыққа дәрігерлер керек

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттің Жеңіл атлетика спорт кешенінде ашылған провизорлы орталыққа медицина мамандары керек болып жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда балалардың иммунитетін көтеру жөнінде емханаларға тапсырма берілді Карантинді созу туралы шешім өзін-өзі ақтады  – Азат Перуашев Атырауда емханалар жоспарлы емдеуді бастады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, спорт кешенінен қосымша ашылған күндізгі стационар 450 орынға дайындалуда. Орталықта ЖРВИ және пневмония жұқтырған науқастар ем қабылдайтын болады. Мұндағы кереуеттер университеттің жатақханасы мен демеушілер есебінен жеткізілген.

«1 шілдеде ашылатын орталыққа күндізгі стационарға 50 дәрігер, 75 мейірбике, 20 санитар қызметкері қажет болады. Спорт кешеніндегі жұмысты үйлестіруге қаладағы №5 емхана ұжымы жұмылдырылады. Стационар таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін қалада ЖРВИ жұқтырғандар саны 2 есеге, пневмониямен ауырғандар саны 6 есеге көбейгенін хабарлаған болатынбыз. Осыған орай, қаладағы Самал-3 шағын ауданында жаңа мектептен - 400 орындық, Политехникалық колледжінен - 400 орын, ҰОС ардагерлері орталығынан 100 орындық провизорлы орындар ашылған еді. Сондай-ақ, тұрғындарға көмектесетін «iKomek» орталығы ашылды. Жедел желіде күндіз-түні тұрғындардың қоңырауларына жауап беріледі.

«109 нөміріне қоңырау шалғандар қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сауалдарына жылдам жауап ала алады. Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдауға қауқарлы. Қажет болған жағдайда 5000 азаматқа дейін қызмет көрсете алады. Ол үшін 26 қызметкер тәулік бойына жұмыс жасауда. iKomek орталығы барлық емханалармен ыңғайластырылып ақпараттандырылған. Сонымен қатар iKomek орталығының 87777109109 ватсап нөмірі де тұрғындар үшін тәулік бойына қызмет етеді» делінген әкімдіктің хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT