Шымкентте шу шығарған «прокурордың әйелі» 15 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат-Шымкент қаласы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот дөрекілік танытқан әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде «Қызылорда облысы прокурорының әйелімін» деп күзетшілерге дөрекілік танытқан әйелдің видеосы тараған еді.

Жеке серіктестік күзетшілерінің арызы негізінде Шымкент қалалық әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады.

«Ол 1984 жылы туған, бұрын ажырасқан жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалдарды сотқа жолдады» делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бүгін сот өз шешімін шығарды.

Құқық бұзушының кінәсін мойындап, кешірім сұрағанын назарға ала отырып, оны 5 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Айта кетейік, бұдан алдын жеке серіктестік күзетшілері полцияға шағым түсірген болатын.



Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар