Шымкентте шет мемлекеттерден жеткізілген дәрі-дәрмектер үлестірілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте соңғы бір аптада Үкімет тарапынан бөлінген екі ұшақпен және бес жүк көлігімен Үндістаннан, Ресей мен Украина елінен қажетті дәрілер жеткізілді. Препараттар ең алдымен қаладағы медициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, «Аптека №5» мен «Мега Фарм Плюс» фарм компанияларының қорында 273 мың флакон левофлоксацин, 200 мың қорапқа жуық аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітінділері мен 130 мың қорап аналгин мен димедрол, эуфиллин ерітіндісі сынды маңызды медикаменттің 8 түрі келген. Сонымен қатар, қаладағы «Химфарм» дәрі-дәрмек зауытында инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, ампулалар), антибиотик ұнтақтары шығарылуда.


Соңғы жаңалықтар