Шымкентте шенеуніктер арзан ұнды сату кезінде 68 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна бірінші сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келген залал сомасы 68 млн 800 мың теңге болды.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды.


Соңғы жаңалықтар