Шымкентте шенеуніктер әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындау үшін ақша алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте жұмыспен қамту орталығының шенеуніктері алаяқтық жасап, пара алғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаладағы Абай ауданының «Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Абай аудандық секторының меңгерушісі алаяқтық жасағанын анықтады.

Ол қызмет бабын пайдаланып, атаулы әлеуметтік көмек алуға көмектесемін деп алдап, 375 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілігіп отыр.

«Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ның инспекторы да дәл осындай алаяқтық жасағаны анықталды. Оның алған парасы – 45 мың теңге.

Адвокаттары айыбын мойындап, процестік келісім жасау туралы өтініш тапсыруына байланысты, аталған тұлғалар ұсталған жоқ.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Соңғы жаңалықтар