Шымкентте шектеу шаралары жеңілдетілді

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын жеңілдету туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес тұрғындар мен қонақтар 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу және ашық ауада болған жағдайларын есептемегенде халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте бетперде кию режимін сақтау қажет.

Адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмау мақсатында қарбалас сәтте желіде көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) саны көбейтіліп, қалған уақытта қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылуы тиіс.

Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылып отыруы қажет.

Барлық нысандарда, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етілуі тиіс.


Соңғы жаңалықтар