+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Шымкентте шаруа қожалығының екі жұмысшысы түйнеме жұқтырып, ауруханаға түсті

2020 жылғы 23 қыркүйек 10:08
Бөлісіңіз:
Шымкентте шаруа қожалығының екі жұмысшысы түйнеме жұқтырып, ауруханаға түсті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте екі адам түйнеме жұқпалы ауруын жұқтырған. Науқастар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, екі ер адам 28 тамызда өздерін жайсыз сезіне бастаған. Сөйтіп жеке клиникаға медициналық көмекке жүгінген.

Науқастар сол жерден қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілген.

Зертханалық тексеру нәтижесі бойынша оларда «түйнеме, тері пішіні» диагнозы расталған.

33 және 19 жастағы ер адамдар Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарасу ауылында орналасқан шаруа қожалығында жұмыс істейді. Бұл шаруашылық мал өсірумен және сатумен айналысады.

«Ауруханаға қабылдау кезінде екеуінің жағдайы орташа ауыр болған. Сырқаттармен байланыста болған 20 адам анықталды. Олардың арасында терапиялық емдеуден өткен тұрғындар бар. Қазіргі уақытта екі науқас та тиісті емін қабылдап, жағдайлары жақсарған. Ауруханадан шығаруға дайындық үстінде» делінген хабарламада.

Өңірдің ветеринарлары аталған шаруа қожалығының малын тексерді. Дегенмен үй жануарларынен ауру табылған жоқ.

Айта кетейік, Шымкент қаласында түйнеменің 8 табиғи ошағы ресми түрде тіркелген. Ал, Түркістан облысының аумағында олардың саны 300-ден асады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT