Шымкентте шарананы далаға тастап кеткен көкек ана бақылау камерасына түсіп қалған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте шарананы туып, қоқысқа тастап кеткен көкек ана бақылау камерасына түсіп қалған. Полицейлер көкек ананы табуға сол бейнетүсірілім сеп болады деген сенімде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бақылау камерасы жекеменшік медициналық орталықтың алдына орнатылған. Бейнетүсірілімде толықша келген келген әрі тұмшаланып ұзын күртеше  киген  келіншек  жан жағына қарайлап, ғимараттың жанына өтіп кетеді. Бұл уақыт сәбидің өмірге келген уақытымен сәйкес келеді екен. Кейіннен орталық қызметкерлерінің шығып, қансыраған нәрестені алып кіріп бара жатқаны  көрініп тұр. Бұл түсірілімді орталықтағылар жергілікті «Отырар» телеарнасына беріпті. Осы видео арқылы өңірдің тәртіп сақшылары көкек ананы іздестіруде.

Айта кетейік, өткен сенбіде жекеменшік медициналық орталықтың күзетшісі ғимарат жанынан жаңа туған сәбиді тауып алған болатын.    Кейіннен нәресте облыстық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, сонда ем қабылдауда. Дәрігерлер жасанды тыныс алу аппаратына қосылған шақалақтың жағдайы ауыр екенін айтады. Ал, баласын туып, далаға тастап кеткен көкек ананың үстінен қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар