+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

2020 жылғы 15 тамыз 12:43
Бөлісіңіз:
Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай қала әкімі Мұрат Әйтенов пен бір топ өнер адамдары сазгерді еске алып, ерекше құрмет көрсетті. Әнұран авторының есімімен аталатын көшедегі сазгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға қала басшыларынан өзге композитор-әнші Құралай Сәтмұхамбетова мен мәдениет үйінің директоры Нұрлан Әділханов, композитор Қалдыбек Құрманәлі мен мәдениет қайраткері, Шымкент қалалық опера және балет театрының әншісі Үрәлхан Сейілбекова қатысты. Мәдениет қызметкерлері Шәмші ескерткіші алдында Қалдаяқов әндерінен попури орындап, естеліктер айтты.

«Бүгін қазақ халқының руханияты мен музыкалық мәдениетінде өзіндік орны бар дара дарын, даңқты компазитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толып отыр. «Құлақтан кіріп, бойды алар» әсем әндерімен халықтың ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленген өнер иесінің тоқсан жылдығы — бүкіл елімізге ортақ мереке. Тәуелсіздік жылдарында Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау бағытында ауқымды істер атқарылды. Елбасы Жарлықтарымен өнер иесіне Қазақстанның халық әртісі атағы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы беріліп, оның «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Әнұран ретінде таңдап алынды. Пандемияға қарамастан биыл да осы дәстүр жалғасын тауып отыр. «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» іс-шарасының аясында эстрадалық ән орындаушылар арасында Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты онлайн фестиваль өтуде. Оған ТМД елдерімен қатар АҚШ пен Түркиядан да танымал орындаушылар қатысуда. Бұл — Шәмші шығармашылығын халықаралық дәрежеде насихаттауға қосылған елеулі үлес деп білеміз»,- деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Айта кетейік, қазіргі таңда қалада Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған онлайн форматта әдеби сазды кештер мен «Шәмші өміріне саяхат» атты виртуалды және онлайн көрмелер, караоке және тағы а басқа бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT