Шымкентте сейфтен алтын ұрлаған баукеспе ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте полицейлер  сейфті тонаған баукеспені қолға түсірді. Ұсталған күдікті жеке пәтердегі сейфтен 800 мың теңгенің алтындары мен ақша ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, үйіне ұры түскен қала тұрғыны ішкі істер бөліміне арызданған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышыа қамалды.

«Тергеу барысында сезіктінің 4 ұрлық оқиғасына қатысы барлығы анықталды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар