Шымкентте «Сергек» камералары орнатылып жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкент қаласында «Сергек» кешені пилоттық режімде орнатылып жатыр. Аппаратты-бағдарламалық кешен 29 тамызда өткен Shymkent Digital Day нәтижесінде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы «Сергек» кешені Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесі қиылысында орнатылды. Жалпы 160 бейнекамераны қаладағы 35 жол қиылысында орналастыру көзделіп отыр.

Мамандар камералардың әзірге пилоттық режімде жұмыс жұмыс істейтінін мәлім етті. Яғни, тек жол ережесін бұзуды ғана анықтайды. Алдағы уақытта жылдамдықты асыру, қызыл сызыққа өту, жолдың қарсы бетіне шығу сияқты жол ереже бұзушылықтар да тіркелетін болады.

Айта кетейік, «Сергек» камералары бүгінде тек Астана қаласында  орнатылған. Кешеннің арқасында, өткен жылмен салыстырғанда 8 айда жол-көлік оқиғаларының саны 22 пайызға, жарақат алғандар саны 21 пайызға, ал жол апатынан қаза тапқандар саны 50 пайызға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар