Шымкентте сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік тағы тоқтатыла ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемияның тағы бір толқыны бола қалған жағдайда тағы да сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктің қызметін шектейсіздер ме? Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Алдарқұл Ахметовке Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, осы жаз айында сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктердің жұмысын уақытша тоқтатқан болатынбыз. Себебі ол уақытта, білесіздер, Шымкент қаласында коронаиврус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, Шымкент қаласы «қою қызыл» аймаққа енген болатын. Сондықтан ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша «қою қызыл» аймақтарда демалыс күндері қаладағы қоғамдық көліктерді тоқтату туралы ұсыныс мәселесін қаулыға енгізіп, сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктерді тоқтаттық. Бүгінде эпидемиологиялық ахуал сәл тұрақтануына байланысты сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік жұмыс істеп тұр», - деген департамент басшысы аталмыш шешім демалыс күндері қаладағы жүріс-тұрысты азайту үшін қабылданғанын еске салды.

«Алдағы шешімдер эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Кез келген шешімді ведомствоаралық комиссияның шешімдері мен республиканың бас санитар дәрігерінің қаулысына негіздеп шығарамыз», - деді Алдарқұл Ахметов.


Соңғы жаңалықтар