+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Шымкентте сегізінші қабаттың терезесінен құлаған 2 жасар сәби көз жұмды

2021 жылғы 15 қыркүйек 10:53
Бөлісіңіз:
Шымкентте сегізінші қабаттың терезесінен құлаған 2 жасар сәби көз жұмды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте екі жасар қыз бала жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болды. Сәби сегізінші қабаттағы терезеден құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда 3 жасар қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздады

Құтқарушылардың мәліметінше, кеше сағат 20:40 шамасында көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабаттындағы терезеден баланың құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қайғылы оқиға Қаратау ауданының «Нұрсәт» шағынауданында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2019 жылы дүниеге келген сәби ата-анасының қарауынсыз қалып, терезеден құлаған. Бала оқиға орнында көз жұмды.

Құтқарушылар ата-аналардан балаларын әсіресе ашық тұрған терезенің қасында қалдырмауын сұрайды.

Жыл басынан бері Шымкент аумағында балалардың терезеден құлауының алты оқиғасы тіркелді.

Үш оқиғада балалар қайтыс болып, тағы үшеуінде жарақат алған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT