Шымкентте сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен кішкентай бала құлап кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен кішкентай бала құлап кетті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға Н. Назарбаев даңғылы, 87-үйде болған.

Көршілердің айтуынша, ол кезде үйде ересек ешкім болмаған. Бала оқиға орнында көз жұмған.

Көршілер шақырған жедел жәрдем оқиға орнына 10 минутта жеткен. Өкінішке қарай, дәрігерлер тек баланың қаза тапқанын ғана растай алды.

Соңғы жаңалықтар