Шымкентте сәуір айынан бастап 20 мыңнан астам отбасы әлеуметтік жәрдемақы алады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің ақпараттық коммуникация орталығында Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын Шымкент қаласында кеңінен насихаттау мақсатында брифинг өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мен Жұмыспен қамту және және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен аз қамтылған және көпбалалы отбасылар тобына ұсынылған әлеуметтік қолдаулардың жоспары және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі түсіндірілді. Аталған кһөмектердің қалада орындалу барысы жан-жақты сөз болды.

«Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көпбалалы отбасыларға және «Күміс алқа» және «Алтын алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, стипендия алып тасталады. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың балаларына (18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін) ай сайын 20 789 теңге көмек төленетін болады. Бұл дегеніміз күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайды. 2018 жылы 10774 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, 2019 жылы 1 сәуірден бастап олардың саны 20 иыңнан астам отбасыға ұлғаяды деп жоспарлануда, - деді Гүлжан Құрманбекова.

Сала мамандарының сөзінше, бүгінгі таңда Шымкент қаласында аз қамтылған отбасылардың өмір сапасын жақсартуға арналған арнайы Штаб құрылған. Оның құрамына депутаттар, құзырлы орган, «Нұр Отан» партиясы мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, 4 аудан әкімі мен басқарма басшылары енгізілген.

«Қала тұрғындарына Елбасының тапсырмасын кеңінен насихаттау үшін 4 аудан әкімдіктерінде және басқармаларда «Ашық есік» күндері өткізілуде. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, 9 632 аналарға барлығы 119,9 млн теңге төленуде наурыз айының соңына дейін жеке есеп-шоттарына аударылады. Қоғамдық көліктерде «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері тегін жүруде», - деді қала әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар