Шымкентте санақ жүргізуді желеу еткен алаяқтар зейнеткердің 1,6 млн. теңгесін жымқырып кеткен

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте полицейлер алаяқтықпен зейнеткерді тонап кеткен қос күдіктіні ұстады. Олар егде жастағы қарияның  үйінен 1,6 млн. теңгесін  жымқырып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Белгілі болғандай, 7 ақпан күні зейнеткердің үйіне белгісіз тұлғалар келіп, санақ жүргізіліп жатқанын айтқан. Сөйтіп қарияның көңілін басқа жақа аударып, екіншісі қомақты көлемдегі ақшасын ұрлап кетеді.

 Осы дерек бойынша Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалып, тәжірибелі мамандардан құрылған топ күдіктіні іздестірген. Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Екеуінің де 1989 жылы туған Қостанай облысының тұрғындары екені анықталды. Сезіктілер алаяқтық жолмен қарияның 1,6 млн. теңгесін қолды етіп, қажеттіліктеріне жаратыпты. Қазір ұсталған екеудің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

Соңғы жаңалықтар