Шымкентте салынып жатқан ғимарат құлап, 6 өзбекстандық зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында жаңадан салынып жатқан нысан құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«21 қараша күні сағат 15:30-да Шымкенттің Қаратау ауданындағы Сайрам тұрғын алабында (Ибрагим ата көшесі) жаңадан салынып жатқан ғимараттың төбесі мен қабырғасы құлады. Ғимараттың жалпы ауданы 1500 шаршы метр. Салдарынан зардап шеккен 6 жұмысшы Шымкенттің №3 қалалық ауруханасына жеткізілді. Олардың барлығы 1996, 1981, 1989, 1979, 1978, 1986 жылғы Өзбекстан азаматтары», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Оқиға орнында Кинологиялық қызмет іздестіру жұмыстарын жүргізді, үйінді астында қалған адам жоқ. Онда Өрт сөндіру қызметінен 24 адам мен 3 техника, жедел-құтқару жасағынан 8 құтқарушы, 2 техника және 1 кинологиялық топ жіберілді.

Соңғы жаңалықтар