Шымкентте салығы төленбеген көліктер айып тұрағына қойыла бастады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеуден жалтарған көлік иелеріне тиісті шара қолдана бастады. Құзырлы мекеме полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасымен бірлесіп, жол бойында рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейд барысында салық төлеуден жалтарған азаматтардың көлігі тоқтатылып, құжаттары тексерілді. Салығы төленбеген көліктер қарызынан құтылғанға дейін ақылы айыптұраққа жеткізілді. Ал, салыққа берешегі бар жүргізушілер уақытша көлік жүргізе алмайды.

Қазіргі таңда қала бойынша салық берешегі 562 млн теңгені құрап отыр. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бұйрығына сәйкес, 8 мың тұлға 236 млн теңге көлеміндегі қарызын төлеген. Сондай-ақ, салық қарызын өтемеген тұлғалардан 40 автокөлік ақылы айыптұраққа жөнелтілді.

Еске сала кетейік, биыл көлік құралдарының салығын төлеу мерзімі 31 желтоқсанда аяқталады. Ол үшін азаматтар арнайы кеңсе жағаламай-ақ, тұрғылықты мекенжайы бойынша немесе мобильді қосымша арқылы, екінші деңгейлі kaspi.kz, homebank.kz банктері арқылы салық қарызын аудара алады.

Соңғы жаңалықтар