Шымкентте пошта бөлімінің бастығы зейнеткерлердің 9 млн теңгесін жымқырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қарттардың зейнетақысы мен әлеуметтік жәрдемақыларын жымқырған пошта бөлімшесінің бастығы сотталды. Еңбекші аудандық соты 9 млн теңгеден аса қаражатты қалтаға басқан әйелді бас бостандығынан айырды, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Б.Г есімді айыпталушы Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданы аумағында пошта бөлімшесінің бастығы болған. Өз қызметін пайдаланып ол өткен жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында тиісті бағдарламаға жалған ақпараттар енгізіпті. Осылайша мемлекет есебінен 26 азаматқа бөлінген қаражаттан 9 306 987 теңгені қалтасына басып қалғаны анықталады.

Алайда оңай жерден олжалы болғысы келген қызметкердің арам ойы іске аспай қалды. Оның жасаған қылмысы әшкере болып, тергеу абақтысына қамалған. Бірнеше айға созылған тергеу шаралары барысында айыпталушының алаяқтық әрекеттері дәлелденіп, оның үстінен Қылмыстық Кодекстің 189 бабымен іс қозғалды. Кейіннен істі қараған Еңбекші аудандық соты бұрынғы пошта бастығын 4 жылға бос бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болды. Сотталушы сондай-ақ мемлекетке келтірген шығынды толығымен өтеуге міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар