Шымкентте полицияның бөлім бастығы мен тергеушіге пара алды деген күдік келтіріліп отыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы мен тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жұбайына қатысты қамауға алумен байланысы жоқ бұлтартпау шарасын тағайындау үшін қала тұрғынынан 500 мың теңге көлемінде пара алда деген күдік келтіріліп отыр.

Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.


Соңғы жаңалықтар