+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Шымкентте полицияға қарсылық көрсеткен жүргізуші мен жолаушыға 5 хаттама толтырылды

2020 жылғы 25 ақпан 15:09
Бөлісіңіз:
Шымкентте полицияға қарсылық көрсеткен жүргізуші мен жолаушыға 5 хаттама толтырылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісі мен жолаушы полицияға қарсылық көрсетіп, айтқандарына бағынбаған. Жол ережесін бұзушы мен жолаушыға 5 хаттама толтырылып, көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астаналық полицей толғатқан әйелге екінші рет көмектесті Елордада полицей отқа оранған пәтерден әйел адамды алып шықты Францияда білгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдап, 2 адамды мерт қылды

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол бойында қадағалау жұмыстарын жүргізген полицейлер жол ережесін бұзған «LADA 21703» көлігін тоқтатқан. Алайда тәртіп сақшыларының айтқанына көнбеген жүргізуші ізін суытуға тырысқан. 2,5 шақырымдай жерге қашқан жүргізушіні 4 экипаж патрульдік полициясы тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші де, оның жолаушысы да заңға бағынудан бас тартқан. Медициналық куәландырудан өткеннен кейін ұсталғандар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Ал, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлімі (ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау), 608-бабы 1-бөлімі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы), 612-бабы 1-бөлімі (жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушінің көлік құралын жүргізуі), 230-бабы 2-бөлімі (міндетті сақтандыру шартын жасамау), 593-бабы 2-бөлімі (қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау) бойынша хаттама толтырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, ҚР ІІМ, Көлік, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT