Шымкентте полиция көлігі аударылып қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте полиция көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін таңғы сағат 8:30 шамасында Жібек-Жолы мен Ж.Аймауытов көшелерінің қиылысында болған. Жол бойында жүріп келе жатқан «Toyota Camry» маркалы автокөлігі жол бермей, қарсы бағытта келе жатқан Жергілікті полиция қызметінің «JAC S5» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан полиция көлігі аударылып қалды.

«Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жүргізушілер үйлеріне қайтарылған. Автокөліктерде жолаушылар болмаған. «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар