Шымкентте полиция капитаны 500 мың теңге пара алғаны үшін қамалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бопсалау арқылы пара алды деп күдікке ілінген Шымкент қаласындағы полиция департаменті жеке қауіпсіздік бөлімінің аға капитанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Аталған қызметке Ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалған, сыбайлас жемқорлықпен күресуге және алдын алу жұмыстарын жүргізуге міндетті полиция капитаны Шымкент қаласындағы патруль полиция инспекторынан жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жаза қолданбағаны үшін, сондай-ақ жұмыс бойынша жалпы қамқорлық жасау үшін 500 мың теңге пара алды деп күдікке ілініп отыр» делінген хабарламада.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Оның кінәсінің дәрежесін анықтайтын ақырғы шешімді сот қабылдайды.



Соңғы жаңалықтар