Шымкентте полицейлер жұрттың қалтасына түскен әйелдерді ұстады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -   Шымкентте полицейлер қоғамдық орындарда қалта ұрлығымен айналысқан әйелдерді ұстады. Үш күдікті қоғамдық көліктер мен халық көп жиналатын орындарда ұрлықпен айналысып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте қалта ұрлығына тосқауыл қою мақсатында  жедел-тергеу тобы құрылып, оларға ұрлықтың осы түрімен айналысатындарды анықтау және қылмыскерлерді ұстау тапсырылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында осындай қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен үш әйел қолға түсті.  Екеуі  Шымкент қаласының тұрғындары және біреуі Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Тергеу барысында күдіктілердің  20 қалта ұрлығына   қатысы бар екендігі анықталды.

Ұсталғандар тұрғындардың әмиянын ақшасымен, ұялы телефондарын және басқа да бағалы заттарын ұрлап отырған. Оларды сатып, өз қажеттіліктеріне жұмсапты.

Қазіргі таңда үш әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Тәртіп сақшылары сондай-ақ қолға түскендерден жәбір көргендер болса жергілікті полиция бөлімдеріне хабарласуларын сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар