Шымкентте полицейлер жергілікті тұрғыннан героин тапты

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент полицейлері жергілікті тұрғыннан аса ірі көлемде героин тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында, кешкі уақытта Еңбекші ауданының аумағындағы қараусыз қалған ғимараттың ішінде жүрген ер адам полицейлердің күдігін тудырды.

Тәртіп сақшыларының жақындағанын байқаған ол ғимараттан шығуға асықты, бірақ сол мезетте ұсталды. Тексеру барысында полицейлер оның сөмкесінен есірткі салынған 4 полиэтилен пакет тапты. Оның бірінде бір реттік дозасы бар ұнтақ салынған 49 қаптама болды.

Жедел уәкілдер ұсталған адамның тұрғылықты жерін анықтап, тінту жұмыстарын жүргізді. 49 жастағы азаматтың үйінен екі пластикалық контейнер мен ұнтақты есірткі заттары салынған бір пакет, сондай-ақ олардың салмағын өлшеуге арналған таразы табылып, тәркіленді.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 70 грамнан асатын героин және марихуана екені анықталды»,-делінген хабарламада.




Соңғы жаңалықтар