Шымкентте полицейлер бір тәулікте 379 әкімшілік құқық бұзу әрекетін анықтады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 13 қаңтарында «Таза қала» іс-шарасын бастады. Аталмыш шара қала ішінде 13-ші ақпанға дейін жалғасады.

Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, «Таза қала» іс-шарасының мақсаты қоғамдық орындарда және қала көшелерінде тәртіпті сақтауға, абаттандыру және санитарлық нормалар ережелерін бұзудың алдын алуға, қоғамдық орындардың ластанушылар, белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтардың тастайтындарды, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында қаңғыбастар мен қайыршыларды анықтау, оларды ұстау және арнайы қабылдау-тарату орнына орналастыру, олар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау, тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған адамдарды тексеру, іздеудегі адамдарды ұстау, автокөлікті жөндеу орындары мен темір қабылдау пункттерін тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Іс-шараның бір тәулігінде барлығы 379 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша - 146 құқық бұзушылық тіркелді;
- ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы (коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша - 67 жайт;
- ҚР ӘҚБтК-нің 334 бабы (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) бойынша 18 құқық бұзушылық анықталып әкімшілік жауапқа тартылды;

- ҚР ӘҚБтК-нің 630 бабы (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) бойынша 52 және өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

«Жалға берілетін 223 пәтер тексерілді.
Одан бөлек, қайыршы болып жүрген 35 тұлға анықталып, қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Сонымен қатар, карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында арнайы топ құрылып, карантин режимін сақтамаған жалпы 43 нысан анықталды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар