Шымкентте полицейлер арасында футболдан жарыс өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құқық қорғау мен күштік құрылымдары қызметкерлерінің арасында «Шымкент қаласы Полиция департаментінің кубогі» үшін шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайысқа ҚР ҰҰ-ның 6506 әскери бөлімі мен ТЖД, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Ішкі істер жол бөлімі мен ҚР ІІМ Шымкент қ. Оқу орталығының қызметкерлерінен құралған командалар қатысты.

Қазақстан полициясы қызметкерлерінің оң имиджін нығайту мен қызметкерлер арасында спортты, оның ішінде шағын футболды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарыста қалалық Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов сөз сөйлеп, ойыншыларға сәттілік тіледі. Ойынның жеребе тастау дәстүрі бойынша командалар төрт топқа бөлініп, қызу тартысты футболдың үлгісін көрсетті.

Нәтижесінде ақтық сайысқа шыққан топтар қатарында қалалық ҚПД Әл-Фараби АПБ командасы жеңіп, бірінші орынның жүлдесін қанжығасына байлады. Ал, екінші орынды Шымкент қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен құралған команда иеленсе, үшінші орынды Шымкент қ. ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінен құралған командасы жеңіп алды.

Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, командалардың ішінен белсенді қатысқан үздік ойыншыларға да арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар