Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 28 °С
Алматы: 33 °С
USD 343.45 EUR 399.57
RUB 5.52 CNY 51.28
Жаңалықтар

Шымкентте полицей отқа оранған үйден ер азаматты алып шықты

2018 жылғы 12 шілде 11:08 306
Бөлісіңіз:
Шымкентте полицей отқа оранған үйден ер азаматты алып шықты

 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте полицей өртеніп жатқан үйден ер азаматты алып шықты. Ол денесінің күйіп қалғанына қарамастан жалынды ауыздықтауға атсалысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да өрттен адам қаза тапты Балқашта жанармай бекеті өртенді

Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға Қазығұрт мөлтекауданында  болған.

«Тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шыққан. Полиция капитаны Нұрлан Тасболатов өз өміріне қауіп төніп тұрса да, отқа оранған үйден ер азаматты алып шыққан. Нұрлан ары қарай өртті сөндіруге белсене көмектеседі. Құтқарушылар жеткенше қарап тұрмай, өрт сөндіргіш құралдардың көмегімен жалынды сөндіре бастаған полиция қызметкерінің өзін де күйік шалды»,- делінген хабарламада. 

Осылайша Нұрлан Тасболатов көзсіз ерлік көрсеткен. Қазіргі таңда полиция қызметкері ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты деп отыр. 

Айта кетейік, Түркістан облысы ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы, полиция капитаны Нұрлан Тасболатов Ішкі істер органдарында  2012 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Жоғары білімді заңгер. Бокстан спорт шебері.  Ұжымда өзін жақсы қызметкер ретінде көрсетіп келеді. Жұбайы екеуі 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.  

Шымкентте полицей отқа оранған үйден ер азаматты алып шықты
Шымкентте полицей отқа оранған үйден ер азаматты алып шықты

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат