Шымкентте полицей 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте полиция қызметкері 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттік полиция қызметкерінің 2 млн теңге парамен ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ал, аталған мәселе бойынша жауап берген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Абай аудандық полиция басқармасының қызметкері Қаратау аудандық соты үкімінің оң шығарылуына жәрдемдесу үшін алаяқтық қылмысына қатысы бар азаматтан 2 млн теңге көлемінде қаражат алу барысында ұсталған.

«Бұл факті бойынша Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық» қылмыстық іс тіркеді. Құқық бұзушылықты жасаған қызметкер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің берген жауабында.


Соңғы жаңалықтар