Шымкентте «подъезде» бала зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -   Шымкентте көпқабатты үйдің кіре берісінде 11 жасар баланы зорламақ болған педофил сотталды.  Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 33 жастағы айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған соттың судьясы Әбинұр Қарабаевтың сөзінше, айыпталушының қылмысы толығымен дәлелін тапқан. Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған, бірақ зорлап үлгермеген. 21 қыркүйек күні ол Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен («Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге сотталған. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың шілде айында Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде ер кісі үйге кіре берістегі есікті жауып, баланы ұрып-соққан болатын. Сөйтіп, киімін шешіп, зорлық сипаттағы әрекеттерді жасаған. Баланың айқайлаған даусын естіген егде жастағы әйел ішке кіріп, ер азаматты қуып шыққан. Әрі бұл оқиға осында орнатылған бейнебақылау камерасына да түсіп қалған еді.

Қала тұрғындары аталған видеоны желі арқылы таратып, жұрттың наразылығын туғызған. Соңынан күдікті полицияның қолына түсіп, сот-медициналық сараптама жасалды. 

 

Соңғы жаңалықтар