Шымкентте пневмониямен жансақтау бөліміне түскен 15 жастағы жасөспірім жазылып шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте өкпесі қабынып түскен 15 жастағы жасөспірімнің жағдайы жақсарды. Науқас қалалық клиникалық балалар ауруханасына 27 маусым жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Баланың жағдайы ауыр болғандықтан, оған реанимациялық ем-дом жасалған. Дәрігерлер өздігінен демала алмаған науқасты оксигенация аппаратына қосып, оксигенотерапия және вирусқа қарсы терапия емін үздіксіз жүргізген. Өкпесінің 50 пайызы зақымданған жасөспірім дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, дер кезінде көрсетілген көмектің нәтижесінде 10-шы күні жансақтау бөлімінен пульмонология бөлімшесіне ауыстырылды. Кейіннен науқастың демікпесі азайып, дене қызуының гемодинамикасы қалыпқа түскен.
Денсаулығы жақсарған жасөспірімді медицина мамандары үйіне ауруханадан шығарды.
- Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалы лайықты қадағаланбай жатқан үш өңірді атады
- Алексей Цой Президенттің «СҚ-Фармацияға» қатысты тапсырмасы қалай орындалғаны жөнінде баяндады
- Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - Алексей Цой
- Солтүстік Қазақстанның 2 елдімекенінде карантин шаралары күшейтілді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге: Вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеу керек
-
Коронавирус: Алматы облысы «жасыл» аймаққа шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам