+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Шымкентте пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу мәселелері талқыланды

2019 жылғы 13 желтоқсан 17:47
Бөлісіңіз:
Шымкентте пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу мәселелері талқыланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жаңа жыл мерекесі қарсаңында кәсіпкерлермен пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу мақсатында жиын өтті.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «Дағдарыс орталығында» өткен жиынға ірі сауда орындары мен базарлардың өкілдерінің қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді міндеттеген болатын. Осы орайда қаланың төтенше жағдайлар қызметі жаңа жыл кезінде болатын түрлі қайғылы жағдайлардың алдын алуды қолға алғаны белгілі. ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Е.Бахаевтың төрағалық етуімен өткен жиналыста зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласында бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Н.Кеутаев баяндама жасады. Жоғары тәуекелге жатқызылған сауда объектілерінде жүргізілген тексерістердің қорытындысы айтылып, анықталған кемшіліктер көрсетілді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға салынған айыппұл туралы да айтылды. Жаңа жыл қарсанында сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың белгіленген азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы қағидаларының сақталуын бақылау жұмыстары туралы азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Ізбасаров айтып өтті. Сондай-ақ, жиынға қатысқан өкілдерге жаңа жылдық мереке кезіндегі өрт қауіпсіздігі туралы жадынама таратылды. Өз кезегінде бұл жадынаманы көбейтіп, сауда орындарында, базарларда таратуға ұсыныс жасалды.

Іс-шара барысында «Пиротехника» атты жедел-профилактикалық іс-шара Шымкент қ.Полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырылғандығы атап өтілді. Осы профилактикалық рейдтер кезінде рұқсат етілмеген, сондай-ақ, рұқсат беру құжаттары жоқ пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтауға бағытталып, адамдар жаппай жиналатын орындарды тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Осы жиналыста қала аумағындағы ірі сауда орындарының тізілімі анықталып, бірлескен рейд жүргізу туралы шешім қабылданды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT