Шымкентте педофил зорламақ болған баланың әкесі көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте педофил зорламақ болған баланың әкесі қайтыс болды. Бұл туралы жеткіншектің нағашы әжесі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әжесінің сөзінше, 40 жастағы күйеу баласы сол жағдай орын алғаннан кейін бір аптадан соң қайтыс болған.

«Күйеу балам жүрек талмасынан көз жұмды. Себебі, болған жағдай оны қатты уайымға салды. Мұндай сұмдықты ешкімге де тілемеймін. Жанұясын жалғыз өзі асырап келген. Қызым төртінші перзентіне жүкті. Сегіз айлық болып қалды»,-дейді баланың әжесі. 

Еске салайық, жуырда Шымкентте 11 жастағы баланы зорламақ болды деген күдікпен қала тұрғыны ұсталған болатын. Сезіктінің бұл әрекеті подъездегі бейнекамераға түсіп қалған. Артынша бұл түсірілімді тұрғындар әлеуметтік желілерге таратып жіберген болатын. Осы көрініс бойынша қаланың ішкі істер қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар деген тұрғынды қолға түсіріп, уақытша тергеу абақтысына жапқан. Қазір бұл қылмыс бойынша бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар