Шымкентте патрульдік полиция машинасы КамАЗ-бен соқтығысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент ІІД жол-патрульдік полициясының арнайы машинасы КамАЗ-бен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

«Бүгін, шамамен сағат 11:10-да Шымкент - Леңгір тасжолында, Шымкент қаласынан шыға берісте жол-көлік оқиғасы болды. Шымкент ҚІІД Жол - патрульдік полициясының қызметтік автокөлігі «КамАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. Зардап шеккендер  жоқ. Қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында аталған оқиғаның мән-жайы анықталады», делінген хабарламада.  

Соңғы жаңалықтар