Шымкентте Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Шаһардағы 29 депутат үміткер ретінде тіркелген 6 кандидаттың арасынан өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы  9 кандидаттың тіркелгенін хабарлаған болатын. Алайда  сайлау алдында олардың үшеуі бас тартты.  Қалған үміткерлердің қатарында   «Банк ЦентрКредит» АҚ Шымкент қаласы филиалының қызметін қолдау басқармасының бастығы Серік Алданов, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан  Бекназаров , «Global A» ЖШС директоры Бижан Жылкелдиев, «Манкент шипажайы» АҚ бас директорының орынбасары Ғани Қарабеков, уақытша жұмыссыз Дархан Сатыбалды және «Шымкент-сауда» ЖШС директоры Асқарбек Үркімбаевтар болды. 
null 

Сайлау қортындысы бойынша Дархан Сатыбалды 21 дауыспен, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан  Бекназаров 21 дауыспен жеңіске жетті. Енді қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясына жолдап, сайлау нәтижесін ресми түрде жария етеді.

null null 

Соңғы жаңалықтар