Шымкентте пара алды деп айыпталған 30-дан астам полицейге қатысты сот ертең басталады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық ІІД әкімшілік полициясы тіркеу-емтихан бөлімінің 38 қызметкеріне қатысты сот отырысы ертең басталатын болды. Бұл туралы облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Аталған сот қызметкерлерінің айтуынша, алғашқы отырыс Желтоқсан көшесіндегі арнайы жабдықталған қосымша ғимаратта өтеді. Басталатын уақыты сағат 10.00 деп белгіленіп отыр. Сотқа 38 айыпталушы мен олардың қорғаушылары қатысады деп күтілуде. Жалпы, 1534 томнан тұратын қылмыстық іс 27 маусым күні сотқа келіп түскен болатын. Оны қарау судья Әбсаттар Шайхидиновқа тапсырылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың шілде айында облыстық ІІД әкімшілік полициясының тіркеу-емтихан бөлімінде арнайы операция жүргізіліп, нәтижесінде басшысынан бастап 38 қызметкер ұсталған болатын. Ұсталғандарға ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті, пара алды және берді, қызмет бабын асыра пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген айыптар тағылып отыр.

Сондай-ақ, бұрынғы полиция қызметкерлеріне қазақстандық және ресейлік жалған нөмірлер мен мөрлер жасады, оны пайдаланды және жәбірленушілерге миллиардтаған шығын келтірді деген кінә тағылуда. Бүгінгі таңда осы қылмыстардың арқасында мемлекетке баж салығын төлемеген мыңға жуық көлік анықталып, 4,4 млрд теңге шығын келгені белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар