Шымкентте Өзбекстанның төрт азаматы иістен уланып көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Өзбекстанның төрт азаматы иістен уланып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін сағат 09:22-де Еңбекші ауданында бұрынғы Фосфор зауытының аумағындағы темір контейнерде болған. Көз жұмған азаматтар осы объектінің қоқыстарын тазалау үшін жалданып жұмыс істеген.

Алдын ала болжам бойынша, контейнерде қонып жүрген. Ол жерде жылыту құбырлары болмағандықтан, оны қатты отынмен жылытып келген. Салдарынан иістен бес адамныңтөртеуі көз жұмды, тағы біреуі емханада жатыр.


«Оқиға орнына ТЖД 5 қызметкері, өрт сынақ зертханасының 2 қызметкері, Полиция департаменті мен «ҚазТрансГаз» АҚ мамандары жеткен. Қазіргі таңда тиісті медициналық сараптама тағайындалды», - дейді баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар