Шымкентте өз-өзіне қол салмақ болған әйел құтқарылды

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкенттік полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше кешкісін болған. Д. Қонаев даңғылы мен Мәделі қожа көшесінің қиылысында орналасқан құбыр үстінен құламақ болған әйелдің әрекеті «Сергек» камерасына түсіп қалған. Орын алған оқиғаны бірден байқаған Шымкент қаласы полиция департаменті жедел басқару орталығының инспекторы полиция капитаны Дархан Құлмырзаев бірден патрульдік полиция полкінің экипаждарына хабарлаған. Шақыру бойынша бірінші келген аға лейтенант Табиғат Жақсыбек құбырға көтеріліп, әйелді қауіпсіз жерге алып шықты. Содан кейін, мән-жайды анықтау мақсатында Әл-Фараби АПБ-на жеткізді.

«30 жастағы қала тұрғынының екі баласы бар екендігі анықталды. Бір күн бұрын ол жұбайымен ұрысып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйел мен туыстары полицияға оны асығыс қадамнан құтқарғаны үшін алғыс айтты», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар