Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ – ҚР ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус жұқтыру дерегі азайған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы бір тәулікте Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ. Яғни, бұл қаладан короноавирус жұқтырған науқас табылмады. Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында бір оқиғадан ғана тіркелді. Бұл бізді қуантпай қоймайды. Бұл осы өңірлердегі тұрғындардың қауіпсіздік шаралары мен санитарлық талаптарды сақтағанын, бір-біріне құрметпен қарағанын білдіреді. Және осы тұрғындар еліміздің өзге де аймақтарына үлгі болады деп үміттенеміз», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Соңғы жаңалықтар