Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 25 науқас анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте өткен тәулікте 25 азамат коронавирусқа шалдыққан. Олардың індет жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастардың барлығы карантиндік стационарға жатқызылған. Олардың диагнозы ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық дейді дәрігерлер. Барлығына бүгінде бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

«Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», делінген хабарламада.

Айта кетейік, дәрігерлер соңғы күндері індетке шалдыққандар қатары күрт өсіп жатқанын атап өтеді. Тұрғындарғаы сақтық шараларын күшейту ескертілуде.


Соңғы жаңалықтар