Шымкентте өткен республикалық «Silk Road Fair» туристік жәрмеңкесінде Ақмола облысы үздік атанды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында ұйымдастырылған республикалық «Silk Road Fair» туристік жәрмеңкесінде Ақмола облысы ұсынған көрме үздік деп танылды, деп хабаралайды «Ақмола Медиа Орталығы».

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған жәрмеңкеге Қытай, Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдері және еліміздің 5 облысы қатысты. Ақмола облысынан барған делегация құрамында облыстық туризм басқармасы мен Щучье шипажайы өкілдері және қолданбалы өнер шеберлері болды.

Ақмолалықтар Шучье-Бурабай курортты аймағы, Зеренді демалу аймағы, Қорғалжын табиғи қорығы және Көкшетау табиғи паркі тәрізді 40-тан астам туристік нысандар бойынша жарнамалық өнімдерді ұсынды.

Сонымен қатар, Ақмола облысы мен Щучье шипажайының туристік әлуеті жөнінде бейнематериал көрсетілді.

«Ақмола облысының суретшілері одағы» ЖШС-нің өнімдеріне жәрмеңкеге қатысушылар жоғары баға берді.

Жәрмеңке аясында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізуде өңірлік туризмнің рөлі» тақырыбында көрнекілік сессиясы өтті.

Республикалық «Silk Road Fair» туристік жәрмеңкесінің қорытындысына сай Ақмола облысының өкілдері «Ең үздік көрме экспозициясы» аталымы бойынша үздік деп танылды.

Шара соңында Ақмола облыстық туризм басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы арасында туризм саласы бойынша әріптестік жөнінде меморандум жасалды.

Соңғы жаңалықтар