Шымкентте өтетін «жасыл» экономика халықаралық форумына 300-ден астам адам қатысады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында өтетін «жасыл» экономика бойынша халықаралық форумға 300-ден астам адам қатысады.
Аталған шараға министрліктердің, ұлттық компаниялардың, даму институттарының, шетелдік дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың, ірі шетелдік және отандық компаниялардың өкілдері қатысады. Форумға қатысатынын ондаған елдің кәсіпкерлері растады, соның ішінде АҚШ, Ресей, Германия, Италия, Польша, Қытай, Болгария, Оңтүстік Корея, Малайзия және тағы басқа елдердің өкілдері бар.
Форумда аймақтардың «EXPO-2017» көрмесін өткізудегі рөлі талқыланады. Қазақстандық және шетелдік компаниялардың арасында ұзақмерзімдік инвестициялық ынтымақтастық орнату үшін диалогтік алаң ұйымдастырылады. Форумның қатысушылары «жасыл» экномика туралы дамудың ғаламдық тренді, жаңа өзгерістерді есепке алып, жасыл экономикаға өту тұғырнамасы туралы әңгіме қозғайды. Сондай-ақ олар өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды басқарудың заманауи жүйелерін, «жасыл» экономикаға өту бойынша табысты жобаларды талқылайды.
Бұдан басқа, панельдік сессияларда энергияның жаңғыртылған көздері мен ең бастысы - Қазақстанның инновациялық дамуының серпіні ретінде «EXPO-2017» Ұлттық көрмесі талқыланады.
Форумның соңында Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы «жасыл» экономикаға өтумен байланысты инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру күтілуде. Сондай-ақ жиында мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және даму институттары мен әлеуетті инвесторлар арасында бұдан да тығыз ынтымақтастықты орнату мүмкіндігінің туындауы күтілуде.
Аталмыш форум 28 қараша күні "Шымкент" конгресс-орталығының ғимаратында сағат 9.00-де басталады.
- Түркістан облысында қар құрсауында қалған көліктердегі жолаушылар құтқарылуда
- Төлеби ауданында тұратын келіншек 18 жыл азаматтық ала алмай келген
- Түркістан облысында облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылды
- Түркістан облысындағы «Ұланбел-Созақ-Екпінді» жолы жабық
-
Түлкібас ауданында карантин режимі жыл басынан бері 258 рет бұзылған
-
Түркістанда инвестициялық жобалар арқылы 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам