Шымкентте отбасылық кикілжіңнің соңы кісі өлімімен аяқталды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте отбасылық кикілжіңнің соңы кісі өлімімен аяқталды. Жанжал барысында әйел жұбайына пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

48 жастағы ер азаматтың дене жарақатынан қайтыс болғандығы туралы полицияға жедел жәрдем бригадасы хабар берген.

Тексеру барысында отбасылы ерлі-зайыптының арасында туындаған жанжалдан пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді. Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, болған істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеп тексеру амалдары жүргізілуде»-делінген Шымкент қалалсы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар