+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Шымкентте осал топтарға бөлінетін баспанаға қоғамдық бақылау жүргізіледі

2020 жылғы 30 қазан 17:35
Бөлісіңіз:
Шымкентте осал топтарға бөлінетін баспанаға қоғамдық бақылау жүргізіледі

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Қазақстан коммунистік халық партиясы «Халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік тұрғын үй беру қоғамның бақылауына!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Басқосуда партия өкілдері әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй беру ісіне қоғамдық бақылау жүргізілетінін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтаулықтар ойын алаңының орнына медициналық орталық салуға қарсы шықты Жамбылда 100-ге жуық жалғызбасты зейнеткердің үйін жөндеуге көмек берілген Мақтаарал ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Айта кетейік, биыл мегаполисте арендалық үйлердің құрылысы үшін 39,5 млрд теңге бөлініп отыр. Оның мақсатты жұмсалуын партия қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым мүшелерімен бірлесіп қадағаламақ. Сондай-ақ, коммунистер басқосуда ипотекалық несиелердің бастапқы жарнасын төмендету туралы да бастама көтерді. Себебі партия мүшелері халық арасында баспана мәселесі бойынша сауалнама жүргізген. Нәтижесінде жағдайы төмен отбасыларға алғашқы жарна үшін 20 пайыздың өзі ауыр тиетіндігі белгілі болған. Сол себепті мемлекет оны 10 пайызға түсірсе деген ұсыныста жоқ емес.

«Біздің мақсат –жаңағы осы қыруар ақшаның мақсатты жұмсалуын бақылау болмақ. Мәселен, несиелік құрылысқа 390 млрд теңге бөлінген. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 35 млрд теңге қарастырылған. Осыларға қоғамдық бақылау керек деп ойлаймыз. Оның ішіне қоғамдық белсенділер, партиялар Үкіметтік емес ұйымдар. Енді 3-6 айда ма қоғамдық талқылау тыңдау жасау керек деп ойлаймыз», - дейді Қазақстан коммунистік халық партиясы

Шымкент қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов.

Партия мүшелері жиында «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын жаңадан салынған пәтерлер санының жеткіліксіздігі мәселесін көтерді. Себебі, аталған бағдарламаға екінші реттік тұрғын үй мен жаңадан салынып жатқан тұрғын үй де кірмейді.

«Тұрғын үй мәселесін жаппай шешу және қолжетімді ипотекалық несие беру бағдарламасын құру идеясы жақсы екенін атап өткім келеді. «7-20-25» бойынша несие алған 1 500 отбасыдан ғана тұрғын үймен проблемалар туындайтыны сөзсіз. Мұндай адамдар әлдеқайда көп. Бүгінгі таңда бағдарламамен, құрылыс салушылармен, азаматтармен және банктермен байланысты проблемалар бар екені белгілі. Сондықтан осы секілді ең қарапайым мәселелерді шешуге күш салуымыз керек»,- дейді Нұрлан Қадырқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT