Шымкентте өртенген 45 көлік: Қылмыстық іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте айыппұл тұрағында 45 көліктің өртеніп кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Департамент өкілдерінің хабарлауынша, қазір бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу  амалдары жүргізілуде.

Еске салайық, кеше түнде  «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің айыптұрағында өрт болып,  жоюға арналған 35 автокөлік пен айыппұл салынған 10 автокөлік жанып кеткен болатын. Кейіннен айыппұл тұрағының басшылығы көліктердің шығын өтейтінін айтты.  

Соңғы жаңалықтар